Бірқатар еуропалық елдердің пайдаланушылары танымал интернет-ресурстардың істен шығуы мен ажыратылуын қадағалайтын Downdetector сайтына шағымдана бстаған, деп жазады Egemen.kz.
Порталдың хабарлауынша, шағымдар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 14:46-да түсе бастаған.
Google және Youtube сайттарындағы қателер туралы Нидерландыдан көп хабар түскен. Бұл қатарда Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания және Италия бар.