• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әдебиет 12 Қараша, 2021

Egemen Qazaqstan газетінің тілшісі республикалық байқауда жеңімпаз атанды

330 рет
көрсетілді

Egemen Qazaqstan газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын Атырау қаласында өткен «Рахымжан Отарбаев драматургиясы: зерттеу мен зерделеу» респуликалық байқауында жүлделі болды, деп жазады Egemen.kz.

Байқау қазақтың классик жазушысы, дарынды драматург, ұлт жанашыры Рахымжан Отарбаевтың 65 жылдық мерейтойына орай, облыс әкімдігі мен «Рахымжан Отарбаевтың Руханият қорының» мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Қатысушылар ІІІ бағыт бойынша бақ сынады. 

Байқау қорытындысы «Рахымжан Отарбаев шығармашылығы: дәстүр мен жаңашылдық» ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жарияланды. 

Egemen Qazaqstan газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын еркін тақырып бағытында жеңімпаз деп танылды.