• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2021

Шымкент қаласының әкімі көгалдандыру жұмыстарына қатысты

507 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында Қарабастау тұрғын алабының тұрғындары сенбілікке шығып, өз аумақтарын жасыл-желекке айналдыру үшін ағаш отырғызды. Тұрғындардың игі бастамасын қолдаған әкім Мұрат Әйтенов және Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары сенбілік шарасына қатысып,  көгалдандыру жұмысына атсалысты, деп жазады Egemen.kz.

Қала әкімі қоршаған ортаны көгалдандыру жұмысы мұнымен шектелмейтінін айтып, тұрғындардың белсенділігіне алғысын жеткізді. 

-«Жасыл қала» деген мағынаны білдіретін қаламызға Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 жылда 5,5 млн түп ағаш көшеті отырғызылады. Ағаштар экологиялық жағдайды жақсартуда климатқа оң әсер етумен бірге, ауаны тазартуда және өзімізден кейінгі ұрпақтың саулығы үшін аса маңызды рөл атқарады. Сіздердің бүгінгі игі істеріңіз болашақ ұрпақ үшін зор үлгі. Көгалдандыру жұмысында белсенділік көрсеткендеріңізге алғыс айтамын, - деді қала әкімі. 

Сенбілік барысында елді мекендегі көшелер мен спорт алаңшалары аумағына 2000 жуық жеміс ағаштары мен кленд, айланд, қарағаш көшеттері отырғызылды. 

Ағаш отырғызу шарасына 600-ден аса әкімдік өкілдері мен аудан тұрғындары қатысып, 7 техника жұмылдырылып, №1 автожол бойына 60 түп қырым қарағайы отырғызылды.