• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қараша, 2021

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

289 рет
көрсетілді

8-12 қарашада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді жалғастырды. Отырыс барысында шекараның жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізілді.

Келесі отырыс 2021 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.