Павлодар – Успенка тас жолында жол апатынан көлік қаққа айрылып, екі адам қайтыс болды, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде тараған фотоларға қарағанда бір көлік екіге қақ бөлінген. Ол – ВАЗ маркалы көлік. Рөлде болған 70 жастағы ер адам жолдың қарсы бетіне шығып, Volkswagen-мен бетпе-бет соқтығысқан. ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Успенка аудандық ауруханасына тағы екі адам жеткізілді. 19 жастағы қыз басынан жарақат алған. Бұдан бөлек, миы шайқалып, мойны зақымданған.
«Ал 49 жастағы ер адамның екі жақтан 5-8 қабырғасы сынды. Травматикалық шок болды. Кеуде тұсынан жарақат алған тағы 30 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді», дейді дәрігерлер.