15 қарашада Суперкубоктың шешуші матчында «Буревестник» және «Тараз» ерлер волейбол клубтары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір күн бұрын Жамбыл облысынан келген команда ел кубогын жеңіп алып, алаңға Республика кубогының жеңімпазы атанып шықты.
Ал «Буревестник» Қазақстанның қазіргі чемпионы.
Тараз волейболшылары екі күнде екі титулды жеңіп ала алмады. Суперкубоктың финалдық жекпе-жегінде алматылық ұжым мықты болды. Есеп – 3:1 (25:22, 25:19, 18:25, 25:23).