• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Қараша, 2021

Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады – Асқар Мамин

116 рет
көрсетілді

Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Пандемия жағдайында, қысқа ғана уақыттың ішінде 17 аурухана салынып, негізгі ауыртпалықты мойнына алды», деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, аталған ауруханалар ең заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне де барлық жағдай жасалған. Дәл осы жайт пандемия кезінде, науқастар саны артқанда оларды емдеуге мүмкіндік берді.

«Жоспарымызда бүкіл Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салу бар. Осы тұрғыда Түркияның тәжірибесін зерделедік. Түркияға арнайы түрде жұмыс сапарымен барып, салынған госпитальдарда болдым. Түркия бұл салада серпіліс жасаған. Қазіргі уақытта Қазақстанда сондай модельдерді жүзеге асыратын боламыз. Бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы бірнеше госпиталь салынып жатыр. Олар бізге алдағы бірнеше ондаған жылға дайын болуымызға мүмкіндік береді», деді Асқар Мамин