Алматы облысында Үштөбе қаласына барар жолда батпақты суға батып кеткен көлік табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде хабарланды.
Алдын ала болжам бойынша олар Алматы қаласынан шыққан. Ал Талдықорған деген жазуы бар маңайдан өткеннен кейін байланыс үзілген. Өзге мәліметтер әлі анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша бұл отбасы 14 қарашадан бастап із-түзсіз жоғалып кеткен. «Кешеден бері із-түссіз жоғалып кеткен бір отбасының адамдары, Үштөбе трассасының бойындағы батпақтың ішінен автокөлікпен бірге табылды. Үш адам мерт болды», деп жазылған Instagram парақшада.Кейінірек осы топта көліктің Үштөбеге бара жатқан жолда аударылған күйі батпақты су тоғанынан табылғаны хабарланды. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 қарашада Талдықорған қалалық полиция бөліміне 27 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны 14 қараша сағат 17.00 шамасында «Skoda Superb» маркалы көлікпен ата-анасы мен әпкесі жолға шығып кетіп, із-түзсіз жоғалғанын айтқан.
«Сол күні полиция қызметкерлері «Талдықорған-Үштөбе» тасжолынан аударылған «Skoda Superb» көлігін тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 60 жастағы жүргізуші рульді игере алмай, аударылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен ондағы 47 және 19 жастағы жолаушылар оқиға орнында мерт болған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.