• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2021

Нұр-Сұлтаннан Египетке ұшқан ұшақ Ақтауға шұғыл қонды

155 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтаннан Мысырға бет алған лайнер мас әйелдің кесірінен Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан–Шарм-Эль-Шейх» бағытындағы әуе рейсі 59 жастағы елордалықтың кесірінен орта жолда Ақтауға қонды.

«Ол алкогольдік ішімдікті мөлшерден тыс ішіп, ұшақ ішінде тәртіп бұзды. Салдарынан лайнерді Ақтау әуежайына қондыруға тура келді. Құқық бұзушы өзін агрессивті ұстады. Бортсеріктердің ескертулерін елемеген», дейді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Оның айтуынша, бұзақы жолаушының ісін әрі қарай полиция қарайды.

«Көлік полицейлері 59 жастағы әйелдің үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі және 566-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзу фактілері бойынша 40 мыңнан астам азаматты, оның ішінде ішімдік ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 3 784 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты», деп жазады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.