• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қараша, 2021

11 медаль жеңіп алды

141 рет
көрсетілді

Қазақстандық оқушылар Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша бірінші халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар.

Олимпиада Өзбекстанның Ферғана қаласында 8-13 қара­ша аралығында ұйым­дас­ты­рылды. Зияткерлік бай­қауға 18 елден, соның ішін­де Ресей, Әзербайжан, Бела­русь, Румыния және тағы бас­қа елден 130-ға жуық оқу­шы қатысты. Әл-Ферғани атын­да­ғы физика пәні бойынша ха­лықаралық олимпиада екі ке­зең­де өтті. Біріншісі кезеңде – жаз­баша жұмыстар, ал екінші ке­зеңде практикалық жұмыстар қа­ралды. Жеңімпаздардың қа­тарында, алтын медальды Әлі­шер Еркебаев, Нұр­дәулет На­зарбай, күміс медальды Даниил Шатохин, Оразхан Хай­дар, Дін­­мұхаммед Са­пыбек, Ердәулет Нахып, Бернар Шамгонов, Диас Еспан алса, қола медаль иегерлері қата­рын­да Бексұлтан Шәріп, Асқар Қасымов, Нұржан Хасенов бар. Оқушылар олимпиададағы же­ңіс­терін Қазақстан Тәуел­сіз­ді­гінің 30 жылдығына арнап отыр.

«Олимпиададағы бәсе­ке­лес­тік өте жо­ғары болды. Өйткені қатысушылардың басым бөлігі физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO) рейтингінде алдыңғы қа­тарда. Біздің балалар тамаша нәтижелер көрсетіп, Қа­зақстанды әлемдік аренада ла­йықты көрсете білді. Қазір Бі­лім және ғылым минис­тр­лі­гі­нің «Дарын» ор­талы­ғы оқу­шыларымыздың халық­ара­лық олимпиадаларға қатысуына жа­ғдай жасау үшін әртүрлі дең­гей­дегі олимпиадаларды өткізу бойынша жұмыс істеп жатыр», деп атап өтті Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.