• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Қараша, 2021

Үш жеткіншек вирус жұқтырды

128 рет
көрсетілді

Соңғы тәулікте Ақтөбе облысында 15 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны тіркелсе, оның 12-сі ересек адамдар арасында, ал 3-еуі балалар арасынан анықталды. Соның ішінде Ақтөбе қаласында – 9, Мұғалжар ауданында – 3, Хромтау ауданында – 1, Шалқар ауданында 2 жағдай тіркелсе, басқа аудандарда КВИ науқастары тіркелген жоқ. Сондай-ақ 53 адам оқшауланды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев брифингте баяндады.

Пандемия басталғалы Ақтөбе облысында 34 649 адам ауырып шықса, оның 76,4%-ы симптомды түріне шал­дыққандар. Нау­қас­тан­ғандардың арасында 40-49 жас арасындағылар КВИ-ге ең көп шалдыққан. Пан­демия басталғалы оқу­шы­лар арасында 981 жағдай тір­келсе, 156 мектептен вирус жұқтырған оқушылар анықталды. Оның 73%-ы қала мек­тептерінен, 27%-ы аудан мек­тептері оқушылары арасынан шықты. 15 мектеп сыныбы карантинге жіберіліп, оқушылар оқшауланды.

Ақтөбе облысы «жасыл ай­мақта» қалып отыр. Соңғы аптада аурудың төмендеуі байқалады. Соған қарамастан бақылау жұмыстары жал­ға­сып жатыр. Ashyq жү­йесі бойынша «сары» ста­тус­тағы 105 адамның каран­тин талапта­рын бұзғаны анық­талып, қо­ғамдық ортада жүр­ген «қы­зыл» статусы бар 118 адам­­ға әкімшілік іс қоз­ға­л­ып, айып­пұл салынды. Жалпы, пандемия басталғалы ка­­рантин талаптарын бұз­ған­­дарға 5 206 824 теңге айып­пұл салынды. Қараша айы басталғалы Ақтөбе облысында коронавирус інде­ті бәсеңдеу байқалса да, әлем­­дегі эпидемиологиялық жағ­дай қайта күрделеніп ба­рады. Соңғы онкүндікте Ре­сей мен Еуропа елдерінде, Украи­нада індеттің өршуі байқалады. Төңіректегі ахуал­ елі­міз тұрғындарынан да қа­рапайым сақтық ереже­ле­рін қатаң сақтауды талап етеді. Бұрынғысынша адамдардың бетперде киюі, ара­қашықтық сақтау, дезин­фек­циялық қорғаныш зат­тарын қорғанудан қаш­па­ған жөн.

Ең басты қорғаныш – екпе алу. Бір айта кетерлігі, жалпы, індетке шалдыққандар арасынан екпе алған 129 адам ауырып шықты. Екпе алып, сыр­қатқа шалдыққандар ара­­сында өлім жағдайы тір­келмеген. Бұл барлық тіркелген ауру санының 0,12 пайызын құ­ра­ды. Осы көр­сеткіш вак­ци­на­ның тиім­ді­лігін дә­лел­де­ді. Індет бас­тал­ғалы Ақтөбе облысында 34 649 жағдай тіркелсе, соның ішінде 0,12 пайызы вакцинаның толық курсын алғандардан шықты. Коронавирусқа қарсы екпе алған 129 тұрғынның сыр­қат­қа шалдығуы жалпы осы індетпен тіркелген барлық ауру санының 10-12%-ын ғана құраған.

 

Ақтөбе облысы