• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Қараша, 2021

Қазақ радиосынан «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасын тыңдауға болады

375 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақ радиосының бастамасымен күн сайын «Көкжиек» бағдарламасының эфирінен жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасын беріп жатыр, деп жазады Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаға Ұлттық аударма бюросы да қолдау көрсеткен.   Қазақ хандығының құрылымы мен саяси өміріне негізделіп жазылған тарихи эпопеяның аудионұсқасын Қазақ радиосының ардагер дикторы Бүркіт Бекмағамбетов дыбыстап шыққан.   «Егемендікті, ел мен жерді бізге аман жеткізген хандар мен баһадүр батырлардың ерлігі жүйелеп жазылған «Көшпенділер» тарихи трилогиясын тәуелсіздік тойы қарсаңында арнайы бағдарлама эфирінен шығару Қазақ радиосының Тәуелсіздік тойына қосқан бір үлесі», деді «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев.   Соңғы екі жылда Қазақ радиосы эфирінде Тахауи Ахтановтың, Хамза Есенжановтың, Әзілхан Нұршайықовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Қалихан Ысқақтың, Сәкен Жүнісовтің, Бердібек Соқпақбаевтың, Сәбит Мұқановтың, Шерхан Мұртазаның, Мұхтар Мағауиннің еңбектері мен әңгімелері аудиокітап форматында берілген.   Айта кетейік, әйгілі «Көшпенділер» туындысы кеңестік кезеңде ұлттық тарихымыз туралы жазылған алғашқы көлемді шығармалардың бірі.   Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына жазушының 1969 жылы қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы «Қаһар» романы мен «Алмас қылыш» және «Жанталас» романдары кіреді. «Көшпендiлер» трилогиясын орыс тіліне аударған Морис Симашко. Кітаптың тек орыс тіліндегі нұсқасы 12 рет қайта басылып, жалпы тиражы 1,5 миллионна асты.