Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі кездесуде құрамалар ойын басынан бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Алғашқы минуттарда қонақтар шабуылға көбірек шықты. Десе де уақыт өте келе қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алуға күш салды. Нәтижесінде 12-минутта Бактиер Зайнутдинов тәжікстандық қақпашының қателігін тиімді пайдаланып кетті.
Екінші кезеңде құрамалар таблодағы есепті өзгертуге тырысты. Қос құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездескен.
Олардың барлығы да жолдастық кездесулер. Төрт кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, бір ойында тең нәтиже тіркелген.