• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қараша, 2021

Қызылордада үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

351 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер тауып, тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.

Сараптама қортындысына сәйкес, алынған шөптің салмағы 4 келіден асты. Оның «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.   Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.