• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2014

Әйнектеріміз әйбат екен

336 рет
көрсетілді

Әйнектің де әйнегі бар. Қазір технологияның дамыған заманы ғой. Осынау мөлдір, әйбат әйнектердің кейбірі жазда күн көзінен сақтап, қыстың күні жылуды сыртқа жібермейді екен. Бұларды, әрине, кәдімгі әйнекпен салыстыра алмайтыныңыз анық. Яғни, бұл шынылар үйге жылу, шуақ береді. «Дана» ЖШС сәулет саласында қолдануға арналған шыны түрлерін шығарумен айналысады. Олар үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 350 миллион теңге қаржы алған. Алдағы нау­рыз айында кәсіпорын жұмысын бастап, 130-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Шымкент инновация» ЖШС мен «Дана» ЖШС бірлесе отырып, «Заманауи шыны өндіру, оны сәулет құрылысында қолдану және оның энергия үнем­деудегі мүмкіншіліктері» атты та­қы­рыпта халықаралық конференция өткізілді. Конференция аясында көр­ме ұйымдастырылды. Оған неміс, француз, ресейлік және украиналық өндірістік компаниялардың өкілдері қатысты. Заманауи үлгіде шыны өндіріп қана қоймай, оны сәулетті құрылыстарға пайдалануды мақсат тұтқан көр­меде отандық өнімдердің сапасы шетелдікімен деңгейлес екенін тұты­ну­шылар айтып жатты. «Көрмеге шетелден әкеліп қойған дүниелердің барлығы дерлік бүгінде Шымкентте, Алматыда шығарылып жатыр. Біз де шетелде шыныларымызбен мақтана аламыз», дейді көрмеге қатысушы Зұлхайнар Қожамқұлов. Осы іс-шараның барысында жер­гілікті кәсіпкерлер бірқатар келіс­сөздерге қол жеткізді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.