• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 18 Қараша, 2021

Әлімханұлының Андраде мен Чарлоға әлі жетеді

240 рет
көрсетілді

Орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 160 фунттағы WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондары Джермалл Чарло, Деметриус Андрадамен қолғап түйістіруге дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Delcotimes.com сайтының редакторы Джек Маккаффери Жәнібектің өз салмағындағы чемпиондармен рингке шығуға дайын екеніне бек сенімді.

«Француз Хассан Ндам Нжикаммен өтетін шайқаста Жәнібек Әлімханұлының жеңіске жететіндігіне еш күмәнім жоқ. Өткені француз боксшысының жасы келіп қалды. Ол Жәнібекке қарсылық көрсете алмайды. Жеңіске жеткен жағдайда Жәнібек бокс ұйымдары тарапынан жоғары баға алатыны анық. Алдағы уақытта Әлімханұлын Джермалл Чарло, Деметриус Андраде секілді әлем чемпиондарына қарсы шайқаста көргім келеді. Оларға Әлімханұлының әлі келеді», деді Джек өз ойын түйіндеп.