Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ричард Торрес кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ESPN таратқан ақпаратқа сенсек, Ричард Торрес әйгілі Top Rank промоутерлік ұйымымен келісім жасасыпты. АҚШ боксшысының кәсіпқой бокстағы дебютті жекпе-жегі 2022 жылдың басында өтпек. Ол аса ауыр салмақта бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ричард Торрес Токио төрінде өткен Олимпиада ойындарының жартылай финалында отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.