• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2021

Тәуелсіздік тақырыбын толғады

255 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында Ақтөбеде «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты респуб­ликалық ақындар айтысы өтті. Жыр сайысына Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов қазылық етсе, екі күнге созылған шешендік өнердің бәйгесін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтысқа Нұр-Сұлтан, Ал­маты, Шымкент қалаларынан, Ақ­мола, Алматы, Ақтөбе, Аты­рау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан 20 ақын қатысты.

 Екі күндік жыр сайысының қорытындысы бойынша бас жүл­де – 2 миллион теңге ақтө­бе­лік төкпе ақын Марат Ахме­тов­тің қан­жығасына байланды. Бі­рін­­ші орын Рүстем Қайыртайға (Ал­­маты) бұйырды. Мұның жүл­­­­де қоры 1,5 миллион теңге. Екін­ші орынның екі жүлдесі Ару­на Керімбек (Ақтөбе) пен Ба­уыр­жан Ширмединұлына (Ба­тыс Қа­зақстан облысы) табыс­тал­ды. Мұның жүлде қоры – 1 миллион­ теңге. Ал үшінші орынды Жамбыл облысынан келген ақын Қанат Мырзаханұлы, түр­кіс­тан­дық Дәурен Ақсақалов пен ақтө­бе­лік Жұлдыз Қожабекова, пав­ло­дарлық Рауан Қайдаров бө­ліс­ті. Төрт төкпе ақынның әрқай­сысына 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сон­дай-ақ Нұрлан Есенқұл (Алматы) мен Серік Қуанған (Шығыс Қазақстан облысы) 450 мың тең­генің арнайы сыйлығымен марапатталды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қол­дауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масы мен облыстық халық шы­ғармашылығы орталығы ұйым­дастырған осы шараның қоры­тындысында жүлде алмаған он ақын арнайы дипломдармен марапатталып, әрқайсысы 300 мың теңгеге ие болды. Тәуелсіздік ме­рекесі құрметіне жыр сайысына келген барлық ақын осылайша Ақтөбеден құр кеткен жоқ. Айтыстан айтысқа жеткен са­йын ақынның шабыты шыңдала түсері анық.

 

 Ақтөбе облысы