АҚШ-тың құрлық күштеріндегі екпе алмаған әскери қызметкерлерді қызметте көтеруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, АҚШ құрлық күштерінің қолбасшылығы коронавирусқа қарсы вакцинациялаудан бас тартқан әскери қызметшілердің лауазымдық келісімшартын ұзартуға және оларды қызметте көтеруге тыйым салғаны туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Командир Кристиан Вормуттың бұйрығына сай, екпеден бас тартқандардың жеке істерін арнайы белгімен белгілеу талап етілді. Қысқасы, вакцинадан бас тартқандардың мансаптық болашағына дақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ оқу жәрдемақысынан және сыйақы алу құқығынан автоматты түрде айырылады.
Соңғы деректерге сенсек, құрлық әскерлерінің жеке құрамының шамамен 67%-ы коронавирусқа қарсы толығымен егілді, ал құрлық әскерлерінің Ұлттық гвардиясы үшін бұл көрсеткіш 51,84% шамасында.