• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2014

Байланыстар жалғаса береді

218 рет
көрсетілді

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров Қазақстанға сапармен келген Шри-Ланка Президентінің Арнайы елшісі – министр Нимал Сирипал де Сильвамен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі. Кездесу барысында кең ау­қымды құқық қорғау мәселелері бойынша, атап айтқанда, гума­ни­т­арлық ынтымақтастық, ең бас­тысы, 2013 жылдан бастап Қазақстан мүше болып келе жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі аясындағы ынтымақтастық туралы ой-пікірлермен алмасты. Омбудсмен қонақты «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясының орындалуы бағытындағы жұмыстармен таныстырып, ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі туралы  хабардар етті. Өз кезегінде Н. де Сильва Шри-Лан­каға қатысты 2013 жылы жоға­рыда аталған БҰҰ кеңесі қабылдаған қа­рарды орындау шеңберінде аталған елдегі жағдай туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша гуманитарлық саладағы байла­ныстарды жалғастыру туралы ортақ ниет білдірілді.