«Лада 21214» маркалы қызметтік көлікті басқарған Ювеналды полиция тобының инспекторы екінші дәрежелі жолда келе жатып басты жолдағы Toyota Alphard көлігіне жол бермей жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес екі көліктің де жүргізушісі мас болмаған және дене жарақатын алмаған.
Полиция қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Жүргiзушiнiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылып, қызметтік тергеу жүргізуде.