• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қараша, 2021

Австрия дүйсенбіден бастап толық локдаун енгізбек

165 рет
көрсетілді

Австрия дүйсенбіден бастап 3 апталық толық локдаун енгізбек. Бұл шешім вакцинацияланбаған адамдар үшін локдаун жариялағаннан бірнеше күннен кейін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан мәлімет бойынша, 1 ақпаннан бастап елде вакцинация міндетті болады.

– Біз бесінші толқынды қаламаймыз, - деді Австрия канцлері Александр Шалленберг.Германияда ковидке шалдыққан науқастарды тасымалдау үшін әуе күштері қолданылуы мүмкін. Бұл шешім көптеген федералды штаттарда реанимация бөлімшелері толығымен толтырылғандығына байланысты қабылдануда. Тікұшақтар мен әскери-көлік ұшақтары ауыр жағдайдағы науқастарды басқа федералды штаттардың немесе еуропа елдерінің ауруханаларына тасымалдауға қатыса алады.

Үндістандағы бір штат билігі covid-19 вакцинациясынсыз алкоголь сатуға тыйым салды. Сатушылар сатып алушылардан вакцинация туралы сертификаттарды талап етпейді, оларға ауызша растау жеткілікті болады.

– Толық вакцинация туралы ешқандай дәлел қажет емес. Ішімдік ішетіндер өтірік айтпайды, - деді Акциз департаментінің қызметкері Р.П. Кирар.