Украина Парламенті Түркия мен Украина арасындағы әскери келісімге байланысты заң жобасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz ТРТ-ға сілтеме жасап.
Заң жобасы 450 депутаттан құралған парламентте 303 депутаттың даусымен қабылданды.
«2020 жылы 16 қарашада Стамбұл саммитінде Украина Президенті Владимир Зеленский тарапынан қол қойылған келісім әскери ынтымақтастық тақырыбына заңдық негіз болуда», деп жазылған хабарламада.