• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Қараша, 2021

Ұлттық банк кәсіпорындар арасындағы сауалнама қорытындысын жариялады

324 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың 2021 жылғы IIІ тоқсандағы экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнаманың қорытындысы шикізат пен материалдар және дайын өнім бағасының өсу қарқынының баяулағанын көрсетеді. «2021 жылғы 3-тоқсанда барлық қарастырылып отырған салаларда (өндіруші, өңдеуші, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік) шикізат пен материалдар және дайын өнім бағасының өсу қарқынының баяулауы байқалды.

Ауыл шаруашылығында, құрылыс пен көлікте өндірістік қуаттарды жүктеу деңгейі көтерілді. Барынша жоғары деңгей тау-кен өндіру саласында (61,1%), төмен деңгей – құрылыста (51,4%) сақталып отыр», деді Ж. Шаймарданов.

Респонденттердің жауаптарына сәйкес, іс жүзінде барлық салаларда бәсекелестік маңыздылығының жоғары деңгейі бұрынғысынша сақталып отыр. Кәсіпорындардың 42,4%-ы өз бизнесіне әсерін сезінетін сауда кәсіпорындары нарықтық бәсекелестіктің ықпалына ұшырауға барынша бейім болып келеді. Ең аз үлес ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібінде байқалды (тиісінше 19,0% және 14,6%).

«2021 жылғы 3-тоқсанда сауалнамаларда пандемияның кәсіпорындар қызметіне әсері туралы бір реттік сұрақ енгізілді. Осы орайда, пандемия салдарынан барлық салалар, көбінесе – құрылыс, ауыл шаруашылығы – аздап зардап шекті. Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау кәсіпорындары қатысты», деп жазды сарапшы.