«Мұқағали» және «Оңбағандар» фильмдерінің әлемдік тұсаукесері 25-ші Таллин кинофестивалінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, Таллинде өтетін «Қараңғы түндер» кинофестивалі - Шығыс Еуропадағы ірі фестивальдердің бірі. 1997 жылдан бастап Эстонияның астанасы Таллинде өткізіледі.
Фестиваль негізгі бағдарламадан және медиа мен киноөндіріспен байланысты төрт кішігірім фестивальден тұрады. Биыл негізгі байқауда Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» және Әділхан Ержановтың «Оңбағандар» фильмі қатысады.