Президент Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Отанымыздағы тұрақтылық пен даму жолында қызмет жасап, еңбек етуге шақырып келеді. Еліміздің болашағы тұрақтылық пен экономиканың дамуына байланысты екені де белгілі.
«Нұр Отан» – билік партиясы. Саяси доктринасында партияның басты мақсат-міндеттері анық жазылған. Бұл – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда және жалпы ел дамуында «Нұр Отанның» рөлін анықтайды. Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясы – партиялық бағдарламаның негізі. Стратегияның орындалуы тек «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығы жағдайында мүмкін екендігінде еш күмәнім жоқ», деп атап өтті. Яғни, Елбасы партияға үлкен сенім артады.
Мен де Қазақстанды Отаным деп риясыз санап, осы елде өмір сүріп, жұмыс жасап жүрген көптеген ұлт өкілдерінің бірімін. Өзім басқаратын машина жасау зауытында 400-ден астам жұмысшы еңбек етсе, олар да әртүрлі ұлт өкілдерінен, жастардан құралған. Кәсіпорында Елбасы тапсырған «Жасыл экономика» бағларламасын енгізу жөнінде біршама істер жүзеге асуда.
Бүгінгі күні зауыт металл құрылғылары мен әртүрлі технологиялық мақсаттағы жүк көтергіш жабдықтарды шығаруға мамандандырылған қазіргі кран техникасының үлкен модельді қатарын ұсынады. «ПМЗ» АҚ-тың негізгі бағыты – жүк көтергіштігі 140 тоннаға дейінгі көпірлі крандар, 50 тоннаға дейінгі тағанды крандар жасау. Зауыт өнімдерін қайта өңдеуші, тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ өңдеуші, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салаларына кіретін кәсіпорындар пайдаланады. Біз, ENRC-ден басқа, Қазақстанда «Казцинк» ЖШС, «Арселор Миттал» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және басқаларымен жұмыс істейміз.
Жуырда «ПМЗ»АҚ теміржол машиналарын жасауға байланысты «ҚТЖ» АҚ-тың ірі жобасына қатысты. Осылайша, зауыт локомотив, сондай-ақ электровоз зауыттарына арналған крандар жасап шығарды. «ПМЗ» АҚ Қазақстанда алғашқы болып жолаушылар вагондарын өндіруші «Тұлпар-Тальго» ЖШС үшін жүк көтергіштігі 20 және 40 тонналық бірегей екі трансбордерді дайындады. Трансбордер дегеніміз, рельсті көлікті бір жолдан қатарлас екінші жолға шығаратын арнайы құрал. Оларды жасау үшін зауыттың конструкторлық-технологиялық бөлім мамандары Испанияда болып, зауыттың жолаушылар вагондарын шығару жөніндегі барлық техникасымен танысты. Содан басқа, машина жасау зауыты «Тұлпар-Тальго» ЖШС үшін әртүрлі бағыттағы 13 жүк көтергіш крандарды жасап шығарды.
Машина жасау саласындағы бәсекелестікке қарамастан, ресейлік тапсырыс берушілер Павлодар машина жасау зауытын таңдап отыр. Кәсіпорын «Қазақстанның үздік экспортерлері» отыздық тізіміне кіреді. Біздің өнім сыртқы нарықта бағасы мен сапасы бойынша бәсекелестікке қабілетті өнімін, Кеден одағы аясында Қазақстан, Ресей, Беларуське өткізеді. Зауыт ENRC тобы кәсіпорындарының құрамына енеді. Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға біздің ұжым да үлес қосуда. Зауыт жұмысшылары өз еңбектеріне ғана сенеді.
Әрине, жетістіктер де, қиындықтар да, әлі қолға алатын жұмыстар да баршылық. Бұл үшін өндірістерге Елбасы тарапынан инновациялық және озық технологиялар жүйесі қажет екені, жерасты байлығын ұқсату, өңдеу кәсіпорындарын көбейту, сыртқа шикізат емес өнім шығаруға көп көңіл бөлу керектігі тапсырылды. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде еліміз үшін тек қана еңбек ету мүддесі және еңбек адамына деген көзқарасты қайта жаңғырту қажет болып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға еңбек етіңдер, оқыңдар деген сөзін әрдайым айтып келеді. Еңбек жолын біздер сияқты өндірістен бастаған Елбасы алғаш 20 шаршы метр пәтер алғанында қалай қуанғаны туралы айтқаны бүгінгі жастарға үлгі болуы тиіс. Ендігі болашақ жастардың қолында. Біздің зауытта да жастар еңбек етуде. Президент: «Жастар – бұл біздің алтын қорымыз. Біздің елімізде жасалғанның барлығы да ең алдымен сіздерге жасалды және мақсат-мұратымыз, 2050 бағдарламамыз да сіздер үшін», деді. Сондықтан зауыттарға, өндірістерге жаңа технология тілін білетін, жаңа өндіріс саласында жұмыс жасай алатын білікті, білімді маман жастар аса қажет. Бұған қоса, келесі басты міндет – халқымыздың бірлігін сақтап, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін еңбек ету. Ал «Нұр Отан» партиясы жергілікті жерлердегі осындай мақсатты жұмыстарды түсіндіріп, қадағалайтын болады.
Леонид БЕЛОГРИВЫЙ,
«Машина жасау зауытының» директоры,
облыстық мәслихаттың депутаты.
ПАВЛОДАР.