Жезқазған-Есіл-Петропавл трассасында бірнеше көлік соқтығысып, зардап шеккен адамдар ауруғанаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
«21 қарашада сағат 19:00-де 26 жастағы Hyundai Creta жүргізушісі, Жезқазған-Есіл-Петропавл тас жолында Сәтбаевқа қарай келе жатып, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Hyundai Creta Daewoo Nexia көлігімен барып соқтығысқан», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан Hyundai Creta жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ Daewoo Nexia жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
«Факті полицияда тіркелді, оның қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, осыған байланысты шешім қабылданатын болады», деп атап өтті тәртіп сақшылары.