• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қараша, 2021

Қарағанды ​​облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды

216 рет
көрсетілді

Жезқазған-Есіл-Петропавл трассасында бірнеше көлік соқтығысып, зардап шеккен адамдар ауруғанаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

«21 қарашада сағат 19:00-де 26 жастағы Hyundai Creta жүргізушісі, Жезқазған-Есіл-Петропавл тас жолында Сәтбаевқа қарай келе жатып, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Hyundai Creta Daewoo Nexia көлігімен барып соқтығысқан», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан Hyundai Creta жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ Daewoo Nexia жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. 

«Факті полицияда тіркелді, оның қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, осыған байланысты шешім қабылданатын болады», деп атап өтті тәртіп сақшылары.