• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қараша, 2021

Ресей АҚШ-тың Сириядағы аймағын күзетуді бастады

388 рет
көрсетілді

Сириядағы Ресей әскери күштері Ресей Қарулы күштері мен АҚШ бастаған халықаралық коалиция басқаратын аумақтар арасындағы демаркация сызығын күзетуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы соғысушы тараптарды татуластыру орталығының өкілі Виктор Кудинов мәлімдеді.

«Бұл халықаралық терроризмге қарсы коалицияның бақыланатын аумағының «шығыс» аймағын және Ресей Федерациясының Қарулы Күштері бақылайтын «батыс» аймағын бөлетін шекара. Бұл аумақтарда әлі күнге дейін ресейлік әскери қызметшілер патрульдеу жүргізген жоқ», деп түсіндірді ол.

Ол өз сөзінде мұнда әлі де қауіп бар екенін тіліне тиек етіп, сонымен қатар Сирия заңдарының бұзылуы мүмкін екенін атап өтті.