• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Қараша, 2021

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі ойын өткізеді

457 рет
көрсетілді

Екі футбол Федерациясы арасындағы келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы бас бапкер Рикардо Каканың басшылығымен Өзбекстан құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Ойын 2021 жылдың 14 және 15 желтоқсанында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Қазақстандықтардың В тобындағы қарсыластары Словения, Италия және Финляндия болады.