Алдын ала мәліметтер бойынша, Болгариядағы президенттік сайлаудың екінші турында Болгарияның қазіргі президенті Румен Радев жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Alphe Research агенттігінің экзит-поллына сәйкес, Радев пен оның вице-президенттігіне кандидат Ильяна Йотов 63,9% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Олардың қарсыластары Анастас Герджиков пен Невьяна Митева 33,1% жинады. Сайлауға сайлаушылардың қатысуы 33,7 пайызды құрады.