Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова META MMA-ге берген сұхбатында әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлорды жеңіп, сенсация жасауға ниетті екенін байқатты, деп хабарлайды Egemen.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
«Кэти Тейлор – әлемнің абсолютті чемпионы. Ол шын мәнінде мықты боксшы. Бойындағы барлық минусын плюске айналдыра білген үздіктің өзі. Бірақ мен бұл шайқасқа бар ынтаммен дайындалып жатырмын. Бұйыртса мен үлкен сенсация жасап, жанкүйерлерімді қуантуға ниеттімін», деді қазақстандық спортшы өз ойымен бөлісіп.
Естеріңізге сала кетейік, Тейлор – Шарипова арасындағы жекпе-жек 11 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді.