• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қараша, 2021

Қазақстан мен Катар азаматтық авиация мәселелерін талқылады

205 рет
көрсетілді

2021 жылғы 21 қарашада алғашқы рейстің ашылуы шеңберінде Қазақстанның Катардағы елшілігі, «Эйр Астана» және «Qatar Airways» әуе компаниялары өкілдерінің қатысуымен екі елдің авиациялық билік орындарының келіссөздері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан делегациясын ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев және Катар делегациясын осы елдің Авиациялық билік орындары президентінің міндетін атқарушы Мохамед Фалех Аль-Хаджри басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, оның ішінде әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын және екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту жайын талқылады. Келіссөздер қорытындысында тараптар өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, соған сәйкес әуе қатынасы туралы келісім жобасы келісілді. Осы орайда 2019 жылы Қазақстан мен Катардың авиациялық билік орындары арасында өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша осы айда екі ел арасында тікелей рейс ашылды.