• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қараша, 2021

Шымкентте Рысқұлов көшесінің екінші бөлігі ашылды

240 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында Д.Қонаев - Т.Рысқұлов жолайрығының Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігі көлік қозғалысына ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрын осы қиылыстан тәулігіне 59 мыңнан астам автокөлік өтетін болса, қазіргі өткізу қабілеті 142 мыңға жетті.

Қаладағы ірі жобалардың бірі болып табылатын нысан құрылысы аяқталып, көлік қозғалысы барлық бағытқа ашылды.

Ендігі кезекте аймақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары бар.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталуға жақындаған жолайырық құрылыс жұмыстарын тексеріп шықты.

«Бүгін жолайрық құрылысы аяқталып, барлық бағытты көлік қозғалысына 100 пайыз ашылып отыр. Баршамызға құтты болсын! Бұл бағыттағы ірі жобалар жалғасын табады. Кезекте Бәйдібек би - Арғынбеков жолайырығын салу бар. Енді жүк осы Рысқұлов көшесіне түседі. Кептеліс-әр мегаполистің басты мәселесі. Мақсатымыз оны барынша жеңілдету. Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамын», деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұл мега жоба құжаттама бойынша екі жылға жоспарланған. Қала орталығындағы ыңғайсыздықтарды ертерек жою мақсаты мен қарқынды құрылыс жұмыстары нәтижесінде осы жылы аяқталды.