Бұл жайында Мәжілістің жалпы отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта тауар биржалары брокерлер мен дилерлерді аккредиттеуді, сондай-ақ сатып алушылар мен сатушылардың бір биржадан екіншісіне ауысуын қиындататын әртүрлі талаптармен өздерінің ішкі биржалық сауда ережелерін белгілейді. Бәсекелестікті және тауар биржасына тең қолжетімділікті арттыру мақсатында заң жобасында биржалық сауданың Бірыңғай қағидаларын бекіту көзделген. Сондай-ақ онда: брокерлер мен дилерлер үшін дискриминациялық шарттар мен ережелерді алып тастау жөніндегі нормалар, сатып алушылар мен сатушылар үшін сауда шарттары мен рәсімдерін ауыстырмастан биржаны еркін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған», деді Сауда және интеграция министрі.