Жаңақала аудандық ауруханасына медбике ретінде жұмысқа орналасқан 37 жастағы азаматшаның медициналық білімі туралы дипломы жалған екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1984 жылы туған Ш. есімді азаматшаға қатысты жалған диплом туралы Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры аудандық полиция бөліміне хабарлаған.
Аталған азаматша 2012 жылдан бері Жаңақала аудандық орталық ауруханасында жұмыс істеп келген, кейін тексеру барысында оның білімі туралы диплом жалған екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жалған құжаттарды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.