• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қараша, 2021

Бас бухгалтер бюджеттің 7,3 миллион теңгесін жымқырған

228 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Қазына» жедел-алдын алу шарасын жүргізу барысында Әулиекөл ауылындағы «Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-да бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ветстанцияның бас бухгалтері Ж.Ақмурзина өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзінің жеке шотына және ветстанция қызметкерлерінің карточкалық шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аударған.

Бұл ретте, төлемдердің негізі «құрылыс қызметтері үшін төлем» деп көрсетілді, бірақ қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттар жоқ.

Нәтижесінде Ж.Ақмурзина мемлекеттік бюджеттен 7,3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды.

Бас бухгалтер 3 жылға бас бостандығынан айырылды.