• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қараша, 2021

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

244 рет
көрсетілді

25 қарашада «Қазгидромет» РМК еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік бөлігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын болып, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с.

25-26 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман ктүседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп болжануда. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.