Алматы халықаралық әуежайында Душанбеден ұшып келген Пәкістан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2021 жылғы 21 қарашада шекарашылар Алматы халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасына кіруге негізі жоқ Душанбеден ұшып келген Пәкістан Ислам Республикасының азаматын ұстады», делінген хабарламада.
Құжаттарын тексеру және ҚР-ға келу мақсатын анықтау барысында ол Польша Республикасының ID-картасын (Польша Республикасының аумағындағы шетелдіктер үшін тұруға ықтиярхат аналогы) және Алматы-Нұр-Сұлтан-Франкфурт бағыты бойынша авиабилеттерін ұсынды.
Сараптама жүргізу кезінде ұсынылған ID-картаның белгіленген үлгіге сәйкес келмейтіні және жалған екендігі анықталды. Бұл азаматқа Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынып, елден шығарылды.