25 қарашада UEFA Конференция лигасы топтық сатысында қазақстандық «Қайрат» бесінші ойынын Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еурокубок ойындарын алматылық клуб сәтсіз өткізіп келеді. Қазірге дейін «Қайрат» өз тобында 1 ұпаймен соңғы орында тұр.
«Базель» 8 ұпаймен екінші орынға жайғасқан еді. Бірінші кезеңнің 23-минутта алматылық клубтан Вагнер Лав есеп ашты. Ал 45-минутта «Базель» ойыншысы Артур Кабрал пенальтиден таразы басын теңестірді. Екінші кезеңнің 56-минутта Камо Оганесян қайтадан «Қайратты» алға шығарды. Өкіншке қарай, одан кейін швейцариялық клубтан Эдон Жегрова 69, Пайтим Касами 72-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.
Айта кетсек, бүгін бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Қайрат» құрамындағы соңғы ойынын өткізді. Ол былтыр жаздан бері алматылық клуб намысын қорғаған болатын.