• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Пікір 26 Қараша, 2021

Ұрпаққа аманат

815 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын ұсынды. Елбасының жас ұрпаққа жолдаған үндеуі жастарға тың қарқын беретін маңызды құ­жат екені сөзсіз. Үндеуде еліміз жетіс­тікке жету жолында жастар қандай құн­дылықтарға басымдық беру керектігі  жөнінде айтылды.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Қазақстан әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу үшін қажетті алғы­шарттың бар екеніне сенім білдіре келе, жеті  тұғыр төңіре­гін­дегі сарабдал ойын өрбітті. Атап айтатын болсақ, бірінші, тәуел­сіз­дік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Жастар осы құндылықты бағалай білуге тиіс. Екінші – бір­лік пен келісім елдігіміздің мыз­ғымас тұғыры екендігіне тоқтал­ды. Үшінші – жер ата-баба мұра­сы, халық қазынасы. Елбасы жер туралы айта келе, ата-баба ама­натына адал болып, ұлан-ғайыр же­рімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету жастардың ортақ борышы дегенге ерекше басымдық берді. Төртінші – отбасы мен салт-дәстүр қоғамның алтын діңгегі. Қай кезеңде де біз үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді дәріптейтін ата-дәстүрімізді берік ұстануымыз қажет екендігі айтылды үндеуде. Бесінші – ұлттық мәдениет ха­лық­тың рухани тірегі екендігі жө­нінде айта келіп, өркениетті 30 елдің қатарына қосылу үшін материалдық құндылықтармен қатар рухани байлықтың маңызы  жоғары екендігіне тоқталды. Елбасы алтыншы тұғырда ғылым, білім, еңбекке аса мән беріп отыр. Жетінші – прагматизм принциптері бойынша жастар қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн дей келе, терең білім алып, адал еңбек етуге үндейді. Түйін­деп айтқанда, Елбасының тәуел­сіздік құрдастарына үндеуі тәуел­сіз­дігімізді баянды етіп, ел тұтас­тығын сақтап, отбасылық құнды­лық­тарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін наси­хаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасам­паз ел боламыз деген қағи­датпен тұжырымдала- ды.

Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиын­тығында мемлекеттіліктің жан-жақты өркендеуіне ықпал ететін көптеген мәселе қозғалды. Осы бағытта елімізді әлемге танытуда қыз­мет ету – біздің міндетіміз.  Өйт­кені қазақтың тарихы – мақтан етуге лайықты, ерлік пен елдіктің тари­хы. Ендеше, Елбасының ұрпаққа ама­натына адалдық танытып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, Қазақ­станның абыройын асқақтату жо­лында еңбек етуіміз керек. Еліміздің тәуелсіздік тұғыры берік болсын!

 

Жангелді МАХАШОВ,

Отырар мемлекеттік археологиялық

қорық-музейінің директоры