• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2021

Маңғыстауда қуаңшылықтан қанша мал қырылды?

551 рет
көрсетілді

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Дүйсебек Маңғыстауда қуаңшылық салдарынан қырылған мал санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, мүйізді ірі қара – 51, ұсақ мал – 534, түйе – 67, жылқы – 569 бас. Бұл өңірдегі малдың 0,2 пайызын құрайды.

«Өлген малдарға ішінара патологанатомиялық жарып-сою, көтерем малдарға клиникалық тексеру жүргізілді және көтерем малдардан қан сынамалары зертханаға тапсырылды. Тексеру нәтижесі бойынша «Алиментарлық дистрофия» диагнозы қойылып, расталды», деді Нұрсұлтан Дүйсебек.

Жалпы облыс аумағында жануарлар арасында мал шығынына себеп болатындай аса қауіпті және жұқпалы аурулар анықталған жоқ.