• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Қараша, 2021

Тұрғын үйлерді жөндеуге арналған бағдарлама әзірленді

265 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру және елорданың тұрғын үй қорын сақтау бойынша қосымша тетіктерді енгізу мақсатында ішінара күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін үйлердің тізілімін құру бойынша «Elorda Korshiler» қалалық бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мүлік иелерінің өтініштері мен шағымдарын талдау қазіргі уақытта елордада азаматтардың әлеуметтік осал санатындағы адамдар тұратын 1020-ға жуық тұрғын үй немесе 7-10 жыл бұрын қабылданған қызмет көрсету тарифі шаршы метрі 50 теңгеден төмен үйлер бар екенін анықтады. Көбінесе мұндай үйлер шатырды, қасбетті, жылу қондырғыларын, инженерлік жүйелерді, терезелерді жөндеуге инвестицияларды қажет етеді.

«Elorda Korshiler» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды объектіде басқарудың жаңа нысаны тіркелген жағдайда, меншік иелерінен ғана, сондай-ақ мынадай төрт көрсеткіш бойынша жүргізу ұсынылады:

Шатырды қалпына келтіру; Қасбеттерді қалпына келтіру; Инженерлік жүйелерді қалпына келтіру; Энергия тиімділігін арттыру, абаттандыру.

Бағдарлама қалалық әкімдікке мүлік иелерінің өздерінен тұрғын үй қорының нақты және өзекті қажеттіліктерін білуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жалпы үй мүлкінің жай-күйі мәселелеріне азаматтар тарапынан жауапкершілік пен мүдделілік артады. Бірыңғай тізілім тұрғын үйді пайдалануға беру жылына қарамастан, мүліктің барлық меншік иелерінің өтініштері негізінде қалыптастырылады.

«Elorda Korshiler» бағдарламасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Олардың біріншісі - жөндеуді қажет ететін үйдің бөліктері көрсетілген тұрғын үй иелерінен өтінімдерді қабылдау және жинау. Тізілім қалыптастырылғаннан кейін бағдарламаны іске асыру шеңберінде жұмыс тобы бекітіледі, ол өлшемшарттарды, жұмыстардың болжамды құнын және материалдарға арналған шығындарды айқындайды.