• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 26 Қараша, 2021

Рахмонов – Харрис жекпе-жегі қайда өтеді?

287 рет
көрсетілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келесі шайқасында Мозамбик елінің үміті Карлстон Харриске қарсы сегіз бұрышқа шығатыны белгілі. Бүгін Рахмоновтың Харристонға қарсы жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бұл туралы Шавкат Рахмонов өзінің инстаграмдағы аккаунты арқылы мәлімдеді. Сонымен қазақ оғланы 5 ақпан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жек кешінде Харристің мысын басуға тырысып көреді.

Бұған дейін UFC-де екі рет октагонға шыққан қазақ спортшысы бразилиялық Алекс Оливейраны және Мишель Празеристі мерзімінен бұрын жеңген болатын. Шавкаттың қарсыласы да әзірге промоушнде екі жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын нокаутпен жеңген.