• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Қараша, 2021

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 15 рет қатарынан жеңіліc тапты

390 рет
көрсетілді

Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Франция командасынан жеңіліп, өзінің апатты сериясын ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Франция өз алаңында Қазақстанды 6:0 есебімен жеңді.

Голдарды Вивьен Ассейи (5-ші минут), Каскарино Дельфин (9-шы минут), Мари-Антуанетт Катото (24-ші минут), Эв Периссе (37-ші минут), Валери Говен (72-ші минут) және Кенза Дали (74-ші минут) соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы ресми матчтарда қатарынан 15-ші рет жеңіліс тапты.

Егер әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу турнирлерін алатын болсақ, соңғы жеңісті Қазақстан 2018 жылғы 12 маусымда жеңіп алды.