Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Темірлан Райымқұлов (3-1-2, 0 КО) АҚШ-та екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек Филадельфиядағы бокс кеші аясында төрт раундқа жоспарланған. Райымқұловтың қарсыласы америкалық Карим Глэдни (0-4) болды. Айқас төрешілердің бірауыз шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл Райымқұловтың кәсіби бокстағы төртінші жеңісі, ал Глэдни бесінші рет жеңіліс тапты.
Еске салсақ, Темірлан 10 қазанда АҚШ-та дебют жасады – Филадельфияда айқас өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен америкалық Джадон Эрвинді (1-1, 0 КО) жеңді. Бұған дейін ол отанында және Ресейде бокстасқан.
Айта кетсек, Темірлан Райымқұлов басқа отандастары, Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Жәнібек Әлімханұлымен (10-0, 6 КО) бір салмақта өнер көрсетеді.