Дэвис Кубогының топтық кезеңінде Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы матч басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қарсыласудың бастапқы кездесуінде теннис кортына Михаил Кукушкин мен Брейден Шнур шықты. Бірінші сетті 6:3 есебімен қазақстандық спортшы бағындырды. Тай-брейктегі екінші партияда Шнур сәтті өнер көрсетті — 7:6 (5). Бірақ шешуші сетті қазақстандық теннісші сәтті аяқтады. Есеп - 6:5.
Осылайша, Қазақстан Канадамен өткен тартысты ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі жекпе-жекте Александр Бублик пен Вашек Поспишил ойнайды.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Мадридте өтіп жатқан Дэвис Кубогының ағымдағы ұтыс ойыны аясында Швеция командасынан басым түсті.