• RUB:
    5
  • USD:
    442.84
  • EUR:
    480.97
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Қараша, 2021

Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды

483 рет
көрсетілді

Бірінші жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров екі жылдан астам уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға оралатыны белгілі. 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан төрінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін қазақ оғланының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы деректерге зер салсақ, Жанқош Тұраров мысырлық Абдумонем Саидпен қолғап түйістіреді. Египет боксшысы шаршы алаңға 24 мәрте шығып, оның 22-інде жеңіске жеткен, бір кездесуде жеңіліп, бір жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен. Ал Жанқош Тұраров 24 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарынан айласын асырған. Мысырлық боксшының 39 жаста екенін ескерсек, Жанқош бұл кездесуде жылдамдығын, бүкіл шеберлігін көрсете алады деп пайымдаймыз. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.