• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қараша, 2021

Жапония шетелдіктерді шетке «теуіп» отыр

495 рет
көрсетілді

Жапония билігі омикрон штамының таралуына байланысты шетелдіктерді шетке «теуіп», елге кіргізбеуге бекініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің Премьер-Министрі Фумио Кисида 30 қарашадан бастап 8 қарашада қабылданған шетелдік бизнесмендер, студенттер мен мамандардың келуіне арналған жеңілдіктер коронавирустың омикрон штамы таралуына байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді.

«30 қарашадан бастап барлық елдерден келетін шетелдіктердің кіруіне тыйым салынады», деді Кисида журналистерге берген сұхбатында. Шара төтенше жағдай ретінде жаңа штамм туралы барлық ақпаратты анықтағанға дейін жалғасады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа нұсқасын «омикрон» деп атаған болатын.