• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Қараша, 2021

Неймар ауыр жарақат алды

363 рет
көрсетілді

«ПСЖ» футбол клубы Франция чемпионатының 15 турында «Сент-Этьен» командасымен кездесіп, сырт алаңда 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл күні испаниялық қорғаушы Серхио Рамос «ПСЖ» сапындағы бірінші ойынына қатысты. Ол алаңда толық 90 минут ойнады. 

Команданың бразилиялық легионері Неймар алаңға негізгі құрамда шығып, 88 минутта өте ауыр жарақат алды. «Сент-Этьен» футболшысы Иван Масонмен болған соқтығыста Неймардың сол тобығы айналып кетті. Алаңға айқайлай құлаған ол сол күйі орнынан көтеріле алмады.

Дәл осындай жағдайда жарақат алған футболшылар жасыл алаңға ұзақ уақыттан кейін оралатын. Неймар да біраз емделетін сияқты.